Күміс университеті

«Күміс университет» — бұл кез келген жаста оқып-үйренгісі, дамығысы келетін және оқиғалардың ортасында болғысы келетіндерге арналған бірегей жоба. Біз аға буынның қазіргі әлемге оңай бейімделуіне көмектесеміз және үздіксіз өздігінен білім алуға шабыттандырамыз.

🌱 Белсенді және саламатты ұзақ өмір сүру кезеңін ұзартамыз.
🤝 Өмір сүру сапасын арттырамыз және араласуға арналған жайлы кеңістіктер құрамыз.
✨ Шығармашылық қабілеттерді дамытып, жағымды көңіл-күй сыйлаймыз.

Жалпы дамытушы бағдарламалар «күміс студенттердің» өмір сүру сапасын арттыратын білім алуға бағытталған. Курстар белсенді де қызықты өмір сүруді жоспарлап жүрген егде жастағы барлық адамға пайдалы болады. Сіздерді қызықты сабақтар, жаңа білім, жылы қарым-қатынас және өзіңізді әртүрлі бағытта сынап көруге мүмкіндік күтеді:

«Өсімдіктер мен табиғи материалдар – өз қолымызбен әсемдік жасаймыз» — шығармашылық шеберлік сыныптары
«Денсаулық және қауіпсіздік» — саламатты өмір салты, белсенділік және күнделікті өмірдегі қауіпсіздік туралы пайдалы дәрістер
«Цифрлық сауаттылық» — смартфон және компьютермен жұмыс істеу бойынша практикалық сабақтар, сондай-ақ интернеттегі қауіпсіздік негіздері
«Тілдік курстар» — қазақ және ағылшын тілдерін жайлы әрі достық ортада үйрену
«Тоғызқұмалақ» — қызықты ұлттық үстел ойынын үйрену
«Шахмат» — логика, есте сақтау қабілеті және стратегиялық ойлауды дамыту

📅 Оқыту мерзімі

  • 2026 жылғы 15 қазаннан бастап 30 қарашаны қоса алғанда.

⏱️ Форматы мен кестесі

  • Білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін 12-ден 24 сағатқа дейін уақыт бөлінеді.
  • Байланыс сабақтарын аптасына 2 рет, 2 академиялық сағаттан өткізу жоспарлануда.

📋 Қабылдау шарттары

Университетке зейнеткерлік жастағы азаматтар жүгінуі негізінде қабылданады. Мынадай өлшемшарттарға сәйкес келетін кез келген ниет білдіруші «күміс тыңдаушы» бола алады:

  • Жасы 60-тан жоғары болуы;
  • Білім алуды өмір салты және өзін-өзі таныту тәсілі ретінде қабылдауы;
  • Қазіргі заманғы білім беру технологияларын меңгеруге дайын болуы.

🎓 Оқуды сәтті аяқтаған тыңдаушыларға «Күміс университет»-тің сертификаттары беріледі.

✨ «Күміс университеті» — жаңа білім алуға, қабілеттеріңізді дамытуға, қарым-қатынас жасауға, жаңа дүниелерді ашуға және уақытты қызықты әрі пайдалы өткізуге мүмкіндік!
📞 Жазылу және анықтама алу үшін
Телефондар: +7 (7182) 65-16-13 +7 (7182) 65-16-55
Мекенжайымыз: Павлодар қ., Олжабай батыр көшесі, 60 (№1 ғимарат, 306-кабинет)
arrow_upward