Оқыту ережелері мен шарттары
Өтінімді толтыру
Сіздің кәсіби қызметіңізге сәйкес тиісті бөлімде сізге қажетті білім беру бағдарламасын таңдау арқылы біліктілікті арттыру айдарында ҚБИ сайтында өтінімді беру жүзеге асырылады. Өтінім жібергеннен кейін, сіздің электрондық поштаңызға оқыту шарттары мен технологиясы бойынша ақпараттық хат келіп түседі.
Оқу курсының төлемі
Оқу құны таңдалған бағдарламаға және оқу қарқындылығына байланысты. Төлем топ жиналғаннан кейін жасалады, алдын-ала төлеудің қажеті жоқ! Курстардан бір күн бұрын қоңырау шалып, нақтылау қажет. Курстарға топ құру, топтың қалыптасқандығын растағаннан кейін сізге төлем жасап және Павлодар педагогикалық университетінің сайтында қосымша білім беру институтының жеке кабинетте PDF файлында курс басталғанға дейін түбіртекті бекіту қажет.
(Kaspi.kz қосымшасы арқылы төлем жасауға болады (Қызметті таңдау – Білім беру – ЖОО (ПМПУ) - топ (ҚБИ) – Курс (Біліктілікті арттыру) және әрі қарай өз деректері немесе "Forte Банк" АҚ арқылы). Төлем нысаны бөлімінде түбіртекті бекітіңіз.
Сабақтан қалу туралы
Тыңдаушылардың жеке себептер бойынша сабақтан қалуы, өз қалауы бойынша сабаққа қатысудан бас тартуы, сондай − ақ хабарламасыз (телефон арқылы) рұқсат беруі-бұрын енгізілген оқу ақысын қайтару үшін себеп болып табылмайды, төлем 100% көлемде алынады.
Жеке қолжетімділік алу
Төлем жүргізілгеннен кейін, Сіздің электрондық пошта мекенжайыңызға жүйеге кіруге арналған дербес деректер (Логин және Құпиясөз) келеді.
Жеке кабинеттегі жұмыс
Оқу материалын оқудың толық мерзімі ішінде оқып үйрену
Сіздің білім беру бағдарламаңыз бойынша жеке кабинетте ұсынылған оқу-әдістемелік материалды, Сіз өз бетіңізше оқисыз
Сіз өзіңізге ыңғайлы кез келген уақытта материалдармен таныса аласыз. Институт басшылығы сіздің күнделікті порталға кіруіңізді бақыламайды
Оқытушымен кеңестер, оқыту кестесіне сәйкес
Сіз оқу кестесін қатаң сақтауыңыз керек
Егер тыңдаушының Ғаламтор желісіне қолжетімділігі болмаған жағдайда, оқу материалы электрондық поштаның көрсетілген мекенжайына жіберіледі
"Әлкей Марғұлан атындағы